Сенбілік

Жетісу университеті қала әкімшілігімен бірлесіп «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілікке университет ұжымы мен Жансүгіров колледжінің қызметкерлері және студенттері белсенді қатысып, белгіленген аймақты қоқыстардан тазартты.

Табиғатты аялау оның байлығын сақтауға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акция жастарды тазалыққа баулумен қатар еңбекке тәрбиелейді.

Қаланың тазалығына, көреюіне өзіндік үлес қосқан білім ордасының ұжымы мен білім алушылары қыс мезгілі түскенше сенбілікті жиі ұйымдастырамыз дейді.

#SDG #ЦУР #ТДМ