



Ғ.Орманов атындағы кітапханада бірінші курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы өтті.
Экскурсия барысында білімгерлер кітапхана құрылымымен, оқу залдарымен, кітап қорымен және электрондық ресурстармен танысты. Сонымен қатар, кітапхана қызметін пайдалану ережелері мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты білімгерлердің ақпараттық сауаттылығын арттырып, кітапхана мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағыт беру.
Барша студенттерді кітапхана қызметін белсенді пайдалануға шақырамыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

