
2025 жылдың 14 қазанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты ашық дәріс өткізілді. Дәрісті педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Журналистер кеңесінің мүшесі, өлкетанушы, шоқантанушы, «Шыңғыс хан» халықаралық академиясының академигі Бағдат Бақтыбайұлы Ақылбеков жүргізді.
Дәріс барысында Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны мен қызметі, сондай-ақ оның ғылыми жетістіктері, еңбектері мен зерттеулері қарастырылып, олардың бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтпағаны атап өтілді.




