СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультетінің «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Сасан Диана академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаның Лодзь университетінде білім алып жатыр.

Бағдарламаның мақсаты – студенттердің халықаралық тәжірибесін арттырып, шетелдік жоғары оқу орындарының заманауи білім беру жүйесімен таныстыру.

Бағдарлама аясында Диана жалпы тіл білімі бойынша білімін тереңдетіп, әлем әдебиетін меңгеріп, тілдік және мәдениетаралық құзыреттілігін кеңейтуде.

Бұл тәжірибе – оның кәсіби өсуіне және халықаралық білім кеңістігіне бейімделуіне берілген үлкен мүмкіндік.

#SDG #ЦУР #ТДМ