Университет пен колледж студенттерінің ынтымақтастығы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің РЯЛняо(IP)-122 және РЯЛняо(IP)-212 топтарының студенттері А.Мелисова, Н.Бердигулова, Д. Ходжалакова, А.Акылбекова, А.Бектұрғанова, А.Тұрсұмбай, К.Чукаева, Д.Сташкова және Я. Авдыминова университет колледжінде кәсіби бағдар беру мақсатында «Ежелгі орыс әдебиетінің ескерткіштері» тақырыбында бірлескен сабақ өткізді.

Университет студенттері «Игорь полкы туралы жыр» шығармасының поэтикасы жөнінде мазмұнды баяндама жасап, терең білімдерін, ғылыми көзқарасын және сыни ойлау дағдыларын көрсетті.

Мұндай іс-шаралар университет пен колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, жастарды ғылым мен шығармашылықтағы жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

#ТДМ #SDG #ЦУР