2025 жылы 21 қазанда 2025-2027 жылдарға арналған ЖТН AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграциялық тәжірибелері (Жетісу облысының мысалында)» ғылыми жобасының қатысушыларының жобаның кеңесшісі, Цюрих университетінің (Швейцария) профессоры Петер Финкемен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында зерттеудің мақсаттары, міндеттері және күтілетін нәтижелері жан-жақты талқыланып, жобаны жүзеге асырудың әдістемелік тәсілдері мен кезеңдері нақтыланды. Арнайы назар дала зерттеулерін ұйымдастыру, жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу және эмпирикалық деректер жинау мәселелеріне аударылды. Консультант ғылыми жұмыстың тиімділігін арттыруға және алынатын нәтижелердің жоғары ғылыми сапасын қамтамасыз етуге бағытталған құнды ұсыныстарын берді.





