Ғылыми семинар

Гуманитарлық және Жаратылыстану-техникалық факультетінің оқытушыларына «Педагогикалық салада жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Б.Ауелбекова және жаратылыстану-техникалық факультетінің ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары, PhD М. Ауелбек ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – оқытушыларды жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерімен таныстыру және педагогикалық қызметтің цифрлық трансформациясының ғылыми-әдістемелік негіздерін талқылау болды.

Семинар барысында жасанды интеллектіні оқу үдерісіне интеграциялау; цифрлық құралдар арқылы оқытудың және ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру; студенттердің зерттеу және талдау құзыреттіліктерін дамыту; жасанды интеллектіні қолданудағы этикалық және академиялық аспектілер айтылды.

Семинарға қатысушылар ұсынылған материалдардың тәжірибелік маңыздылығын жоғары бағалап, білім беру бағдарламаларына енгізуге дайын екендерін білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ