2025 жылдың 22 қазанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «6В01602 – Тарих және қоғамтану (IP)» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері мен топ кураторы Н.Б. Касымованың ұйымдастыруымен «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Мемлекеттік егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен егемендіктің қоғам үшін маңызы туралы ой бөлісіп, пікір алмасты. Сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігі мен елжандылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.


