Қоғамдық лекция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 1-курс студенттеріне «Мен есірткісіз өмірді таңдаймын!» тақырыбында қоғамдық лекция өтті. Онда психолог Сәния Әбдікәрім, нарколог Сералы Мамытай, заңгер Ерасыл Кабдылов жастар арасында есірткінің таралуы, оның алдын алу шаралары, нашаның денсаулыққа зияны туралы жан-жақты түсіндірді.

Қоғамдық лекция «Есірткісіз таза қоғам» жобасы аясында ұйымдастырылды. «Саналы қоғам» қоғамдық қоры Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп «Жастар арасында есірткі және олардың прекусорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу» бағыты бойынша гранттық жобаны іске асырып жатыр. Нашақорлықтың алдын алуға арналған ақпараттық, психологиялық және кеңес беру қызметтерін үйлестіру мақсатында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Jastar support hub» орталығы құрылған.

#SDG #ЦУР #ТДМ