Құттықтаймыз!

2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен агрохакатон байқауы өтті. Оған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Enactus Zhetysu» командасы қатысып ІІ орын және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақы иеленді. 200-ге жуық команда қатысқан республикалық додада біздің жастар үздік деп танылып, ақтық сында өнер көрсеткен 16 ұжымның қатарында болды.

Аталған шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық идеяларды қолдау, жас кәсіпкерлер мен агротехнология бағытындағы мамандарды біріктіру, сондай-ақ ауылдық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Маңызы зор ғылыми-инновациялық байқауда жеңіске жеткен білімгерлерімізді құттықтай отырып, табыс пен жетістік тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ