«Декларациямызға 35 жыл»

2025 жылдың 24 қазан күні Физика-математика факультетінің физика және математика кафедрасының оқытушысы Жақпаев К.Р.ФҚ-311тобының студенттерімен «Декларациямызға 35 жыл» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік декларациясының тарихи маңызын түсінуіне, елжандылық сезімдерін қалыптастыруға, және ел дамуының басты кезеңдерімен таныстыруға бағытталды.

Кураторлық сағат барысында студенттер 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Тәуелсіздік декларациясының мәні мен оның Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуындағы рөлі туралы баяндамалар жасады. Сонымен қатар, бейнематериал көрсетіліп, жастар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара жанды және тәрбиелік маңызы зор атмосферада өтті. Студенттер тәуелсіздіктің бастауы болған Декларацияның тарихи орнын сезініп, отансүйгіштік рухтарын нығайтты.