ЖТН AP26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу» жобасы

2025 жылдың 21 қазанында Жаратылыстану-техникалық факультетінде ЖТН AP26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу» жобасы аясында ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинардың мақсаты: Қаратал өзенінің экожүйесіне әсер ететін мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануын талдау арқылы өзен суының сапасына, флорасы мен фаунасының жай-күйіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтау, зерттеу нәтижелерін талқылау және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және тәжірибе алмасу болды. Жоба жетекшісі Оксикбаев Берикжан Кылышбекович — биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) — жобаның ғылыми мақсат-міндеттері, жоба идеясы, күтілетін нәтижелер туралы толық баяндады. Сонымен қатар, Джетимов Мырзабай Айтмуханович – техника ғылымдарының кандидаты, оқытушы-дәріскер, жетекші ғылыми қызметкер ғылыми жобада қолданылатын әдіс-тәсілдер туралы баяндаса, Токпанов Еркин Аипович — география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), аға ғылыми қызметкер Семинар барысында картамен жұмыс істеу ережелері, инновациялық картографиялық платформалар туралы түсіндіріліп, ғылыми жобаға қажетті зерттеу территориясы көрсетілді және әзірленген зерттеу аумағының картасы ұсынылды. Ғылыми — зерттеу жұмысында қолданылатын Қора, Чажа, Текелинка , Қаратал өзендерінің сынамаларын алу және оларды зерттеумен Мукашева Данагул Мадияровна – PhD, жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі, ғылыми қызметкер, Токпаев Куаныш Марсбекович – магистр, оқытушы-дәріскер, ғылыми қызметкер, Акылбекова Айгул Багдатовна – магистр, 8D01503-Биология БББ 2-курс докторанты, кіші ғылыми қызметкер атқаруда. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері мен алдағы уақытта мұздықтардың ластануының әсерін анықтаудағы индикатор ретінде зерттелетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері жайлы сұрақтар талқыланды. Ғылыми семинарға қатысушылар арасында сұрақ – жауап орын алып келешектегі жұмыс барысы айқындалды.