2025 жылы 22 қазанында 404 аудиторияда ҚТӘ 311, ҚТӘ 312 топтарының эвайзері Гуманитарлық факультеттің қауымдастырылған профессоры А.С.Шыныбекова «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Ашық кураторлық сағатта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туралы айтқандығы көрсетілді. Эдвайзер А.С.Шыныбекова «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын, акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау екендігі туралы айтты.
