2025 жылы 23 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «6В01602 –Тарих және қоғамтану IP» ББ 2-курс білімгерлері мен топ кураторы Д.Г. Каратаеваның ұйымдастыруымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай «Қазақ елі – менің Отаным» тақырыбында «ашық кураторлық» сағат өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі даму кезеңдері туралы баяндама жасап, тарихи деректер мен көріністер арқылы егемен елдің қалыптасу жолына тоқталды. Сонымен қатар, куратор мен студенттер еліміздің жетістіктерін, ұлттық бірегейлікті сақтау мен патриоттық тәрбие берудің маңызын талқылады. Шара соңында қатысушылар «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» атты бейнеролик тамашалап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.



