2025 жылдың 24 қазан күні Физика-математика факультетінің физика және математика кафедрасының оқытушы-ассистенті Нұрпейсов Қ.С. МП (IP)-211 және МҚ (IP)-211 топтарының студенттерімен «25-қазан – Республика күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің отансүйгіштік және патриоттық сезімдерін қалыптастыру, ел тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен жетістіктері туралы түсініктерін кеңейту болды.
Іс-шара барысында студенттер Республика күнінің тарихы мен маңызы туралы баяндама жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен тәуелсіздік жетістіктері туралы видеоролик көрсетіліп, еркін пікір алмасу өтті.
Кураторлық сағат жылы, тәрбиелік мәні зор жағдайда өтті. Студенттер еліміздің тәуелсіздігін қастерлеудің маңыздылығын ұғынып, патриоттық рухты күшейтуге бағытталған іс-шарадан зор әсер алды.



