2025 жылдың 8 қазанынан 13 қарашасына дейін І.Жансугуров атындағы Жетісу университетінде 6В08102 – «Агрономия және ауылшаруашылық ғылымдар» білім беру бағдарламасының 2-курс бакалавриат студенттері (АСТадд211 тобы) үшін «General and Organic Chemistry» пәні бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында Италия Республикасының Камерино университетінің философия докторы (PhD) Khamitova Gulzhan «General and Organic Chemistry» пәнінен дәрістер өткізді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Кудайбергенова Батес Маликовна осы пән бойынша практикалық сабақтарды жүргізді. Сабақтар заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді қолдану арқылы қашықтықтан өткізілді. Студенттер сабақтарға белсенді қатысып, ғылыми тақырыптарды талқылап, шетелдік және отандық ғалымдармен еркін пікір алмасты. Бұл іс-шара университеттің ішкі және сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.


