


2025 жылдың 25–30 қазан күндері Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әлихан Әскербай топ жарды.
Әлихан 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.
◾ Жұлқа көтеруде — 144 келі, бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік рекорд ретінде тіркелді.
◾ Серпе көтеруде де үздік нәтижеге қол жеткізіп, екі сайыста чемпион атанды.
◾ 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен білімгеріміз екі алтын медаль иеленді.
Жарыс барысында жалпы алты рекорд жаңартқан Әлихан Әскербайды зор жетістігімен құттықтаймыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ


