2025 жылдың 30-қазан күні Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD А.Есейқызы «Блоктық программалау құралдарын қолдану арқылы когнитивті белсенділікті арттыру әдістемесі. Scopus базасында профильді жөндеу, журналдарды іздеу, іріктеу» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында білім беру процесінде блоктық программалау құралдарын (Scratch, Blockly және т.б.) қолдану арқылы білім алушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және когнитивті белсенділігін арттырудың тиімді әдістемелері қарастырылды. Қатысушылар практикалық мысалдар арқылы блоктық программалаудың оқытудағы мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, Scopus деректер базасымен жұмыс істеуге арналған практикалық бөлім ұйымдастырылып, ғылыми профильді түзету және толықтыру, профильдегі қателерді анықтау, ғылыми журналдарды іздеу, іріктеу және талдау жолдары түсіндірілді. Семинар ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын оқытушылар мен жас ғалымдар үшін пайдалы тәжірибелік ақпарат берді.


