«Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» атты хакатон

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Динара Есимбекова 4 курс білім алушыларымен «Заманауи педагогикалық технологиялар» пәні бойынша «Интербелсенді оқыту технологиясы: білімді болашаққа бірге!» тақырыбында хакатон өткізді.

Хакатонның мақсаты: интербелсенді оқыту технологиялары аясында жасанды интеллект, STEM және CLIL технологияларының интеграциясын тәжірибе жүзінде ұсыну; студенттердің командалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, педагогикалық шеберлікті шыңдау; білім беру үдерісін жаңғыртуға арналған нақты идеялар әзірлеу және көпшілік алдында қорғау болды.

Шара бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы «Идеялар жәрмеңкесінде» AI, STEM, CLIL топтары өз сабақ үлгілерін ұсынды.

«Әдістемелік баттл» атты екінші кезеңде топ көшбасшылары қарсылас топтардың өткізген сабақ үлгілері бойынша туындаған сұрақтарына жауап берді. Соңында қатысушылар жағдаяттық тапсырмаларға жауап берді.

Хакатонға эксперт ретінде шақырылған ф.ғ.к, оқытушы-дәріскер Г.Т. Сырлыбаева мен магистр, оқытушы-дәріскер Д.Мүлік кешті қорытындылап, өз пкірілерімен бөлісті.
Барлық қатысушыларға университет ректоры атынан сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, «Үздік инновациялық жоба», «Үздік практикалық шешім» және «Үздік креативті идея» деген аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Хакатонның бас жүлдесін иеленген «STEM» тобына смарт сағаттар табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ