Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру барысында Швейцарияның Цюрих университетінен келген философия докторы Werner Bergamin Hertzog 6В01509 – «География» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне (ГҚ 311 топ) «Academic writing» пәнінен дәріс және практикалық сабақтар өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – білім алушылардың академиялық жазылым дағдыларын халықаралық стандарттарға сай жетілдіру және оқу процесін шетелдік тәжірибемен байыту. Оқыту үдерісі 45 сағат көлемінде жүргізіліп, оның ішінде 15 сағат дәріс және 30 сағат практикалық сабақтар қамтылды. Швейцариялық профессор студенттермен интерактивті әдістер арқылы жұмыс жүргізіп, жазылым мәдениеті мен ғылыми коммуникацияны дамытуға баса назар аударды. Сонымен қатар, курс соңында студенттер өздерінің шағын ғылыми эсселерін ағылшын тілінде қорғап, алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы университеттің халықаралық байланыстарын нығайтып, білім беру сапасын арттыруға және студенттердің жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін дамытуға зор үлес қосады.


