Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында «Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді тиімді іске асыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.

Сондай-ақ, семинар педагогтердің кәсіби құзыреттерін ғылыми-әдістемелік өзара әрекеттестік пен халықаралық ынтымақтастық арқылы дамытуға бағытталды.

Семинарға жоба орындаушылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, Талдықорған, Текелі, Астана, Қарағанды, Семей қалаларының мектепке дейінгі ұйымдарының педагог-психологтары мен дефектолог-мұғалімдері, Талдықорған қаласындағы №1 Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, облыстық білім басқармасының, №1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшылары, сондай-ақ Минск және Бішкек қалаларынан келген мамандар қатысты.

Іс-шара соңында әр қатысушыға Алғыс хат пен жоба орындаушыларының «Инклюзивті білім беру: теория және практика» атты авторлық оқу құралы табысталды.

Айта кетейік, халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар AP23488199 – «Инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың болашақ педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» жобасы аясында ұйымдастырылды.

#SDG #ЦУР #ТДМ