

2025 жылдың 30-31 қазан күндері «Жетісу Дарыны» облыстық оқу-әдістемелік орталығы «Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу» тақырыбында республикалық ғылыми семинар ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), т.ғ.к. Тлеубекова Гүлжан Бөлегенқызы мен PhD, оқытушы-дәріскер Калиева Бекзат Тынысбековна спикер ретінде қатысты.
Гүлжан Бөлегенқызы «Шоқан Уәлихановтың жеке тектік құжаттарын жасанды интеллект негізінде талдау», ал Бекзат Калиева «Ғылыми қызметтегі жасанды интеллект: академиялық еңбектер жазу тәсілдерінің трансформациясы» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.
Семинар барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалімдерге практикалық ұсыныстар берді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

