Сыртқы академиялық ұтқырлық

2025-2026 оқу жылында Құқық және экономика факультетінің Халықаралық құқық білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ақерке Дюсен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лодзь университетінде (Польша) білім алып жатыр.

А. Дюсен Лодзь университетінде таңдаған мамандығы бойынша білімін тереңдетіп, еуропалық құқықтық жүйені зерделеп, мәдениетаралық құзыреттілігін дамытып, сондай-ақ Польша және басқа да еуропа елдерінің мәдениетімен танысып қайтады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Жетісу университетінің студенттері шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға, ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алып отыр.

#SDG #ЦУР #ТДМ