2025 жылдың 4 қарашасында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Тарих» білім беру бағдарламасы студенттерінің бірлескен ұйымдастыруымен қызықты шара өтті. Іс-шара Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Тарих – өткенге сабақ, болашаққа өнеге» атты Тарих апталығы аясында ұйымдастырылды.
Бұл викториналық сайыс тек «Тарих» білім беру бағдарламасы студенттеріне ғана емес, университеттің барлық факультеттерінен келген білімгерлерге арналды. Қатысушыларға Қазақстан мен әлем тарихына қатысты түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылды. Викторина заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негізінде өткізіліп, қатысушылар өз білімін, жылдам ойлау және шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Белсенділік танытқан студенттерге ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар табыстады. Шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, ой-өрісін дамытуға ықпал етті. Осындай форматтағы бастамалар білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге және отандық тарихқа деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосатыны атап өтілді.



