

















І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жастар арасындағы көшбасшылықты, бастамашылдықты және ұлтаралық келісімді дамытуға бағытталған Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысып, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен патриотизм идеялары төңірегінде бірігуінің маңыздылығын атап өтті.
Студенттік Ассамблеяның құрылуы жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мен этномәдени диалогты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

