«Дәуірдің аңыз адамы» әдеби кеш

Ғ.Орманов атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірдің аңыз адамы» атты әдеби кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Мәлік Ғабдуллиннің ерлігімен таныстырып, ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері кеңінен қамтылып, қатысушылар оның тұлғалық болмысын батырлық жырлар, өлеңдер және естеліктер арқылы тереңірек таныды.

Кітапханашы А.Түсіпбекова тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады. Сондай-ақ, қатысушылар назарына Мәлік Ғабдуллин туралы бейнефильм ұсынылды.

Әдеби кешке Жансүгіров колледжінің бастауыш білім беру бағдарламасының оқытушысы мен білімгерлері белсене қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

#SDG #ЦУР #ТДМ