«ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» қоғамдық дәріс

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» тақырыбында қоғамдық дәріс өтті.

Дәрісті Талдықорған қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы Қорабаев Иманнәсіп Әділетұлы жүргізді.

Дәріс барысында құқық үстемдігін қамтамасыз етудің маңызы, заңдылық пен әділеттіліктің қоғам тұрақтылығындағы рөлі, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу студенттердің құқықтық сана-сезімін қалыптастыру мен заңға құрмет көзқарасын нығайтуға бағытталды.

Іс-шара жастарға мемлекет алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезінудің, заң талаптарын сақтау мен әділет қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ #ЗАҢМЕНТӘРТІП #ПрокуратураЖетісуОблысы #ТалдықорғанПрокуратурасы #Жетісууниверситеті #ІЖансүгіровУниверситеті #ЖанаруҚозғалысы #RuleOfLaw #LawAndOrder #ZańÜstemdigi #ТұрақтылықКепілі