«Jas ǵalym – 2026» байқауы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas ǵalym – 2026» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы өтті.

Ғылыми байқауға 6 факультеттен 27 өтінім келіп түсті. Жұмыстар келесідей бағыттар бойынша қабылданды: білім беру: әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, жасанды интеллект және нейрожүйелер, жасанды интеллект технологияларын экономика, өндіріс, білім беруде қолдану, білім беру, экономика және ғылымдағы цифрлық технологиялар.

Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Е. Бөрібаев Жетісу университеті жаңашыл ғылыми бастамаларды әрқашан қолдайтынын атап өтіп, жас ғалымдарға сәттілік тіледі. Ғылыми жобаларды арнайы құрылған комиссия өкілдері белгіленген талаптарға сай бағалады. Оның құрамына университеттің ғалымдары, сала мамандары, Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.

Президент жолдауына сәйкес, өткізіліп отырған байқауда жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы ізденістерді қолдауға зор көңіл бөлініп отыр. Алдағы уақытта үздік деп танылған жоба жеңімпаздары марапатталып, гранттық қаржыландыруға ие болады.

#SDG #ЦУР #ТДМ