Ректор кубогы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде қыздар арасында волейболдан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогы жарысы өтті.

Жарысқа Жаратылыстану-техникалық, Физика-математика, Педагогика және психология, Құқық және экономика, Гуманитарлық факультеттері мен Жансүгіров колледжі, барлығы алты команда өзара бақ сынады.

Екі күнге созылған тартысты бәсеке барысында қатысушылар жоғары дайындық пен спорттық шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша І орын Гуманитарлық,
ІІ орын Физика-математика, ал ІІІ орын Жаратылыстану-техникалық факультетіне берілді.Жеке номинациялар бойынша Дәлелханқызы Сабина (үздік қорғаушы), Хайролла Тамилла, (үздік үйлестіруші), Дәулетжан Назерке (үздік шабуылшы), Нұртлеу Айым (үздік ойыншы) анықталды.

Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар Ректор кубогімен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ