








🎓 Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университетінің филиалында оқу процесі сәтті жүріп жатыр! 🇰🇿🤝🇮🇹
Жаңа оқу жылында Жетісу университетінде Италияның Марке политехникалық университеті (Università Politecnica delle Marche) филиалының оқу процесі өз жұмысын бастады.
Оқыту үдерісіне италиялық профессорлар қатысып отыр:
👨🔬 доктор Жанлука Брунетти (Gianluca Brunetti) — ауыл шаруашылығы химиясы және биохимиясы бойынша ассоциирленген профессор,
🌿 доктор Симоне Пианчателли (Simone Piancatelli) — өсімдік патологиясы саласының маманы.
Бүгінде аталған профессорлар студенттерге дәріс сабақтарын өткізіп, еуропалық жоғары білім тәжірибесін бөлісуде. Бұл – екі университет арасындағы халықаралық серіктестіктің нақты нәтижесі және студенттер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды кезең.
🌍 Бұл бастама — Жетісу университетінің халықаралық деңгейде интеграциялануы мен сапалы білім беруге бағытталған стратегиялық қадамы.
#SDG #ЦУР #ТДМ

