СТУДЕНТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ       

2025-2026 оқу жылында «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ гуманитарлық факультет «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Күрішбек Ләззат Бақытжанқызы,  Жандар Жансая Нышанбайқызы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінде білім алуда.         

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге шетелдік жоғары оқу орнында білім алу арқылы кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, әлемдік білім беру тәжірибесімен танысуға және жаңа оқу ортасына бейімделу арқылы өз мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

Академиялық ұтқырлық барысында студенттер түрік тілін жетілдіреді, түркітілдес халықтардың тілі мен әдебиетін зерттеу бағытындағы ғылыми еңбектермен танысып, түркі әлемінің мәдени және тілдік ортақ құндылықтарын тереңірек меңгереді, түрік және халықаралық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, мәдениетаралық қарым-қатынас орнату және кәсіби бағыттағы заманауи тәжірибелерді меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

#SDG #ЦУР #ТДМ