«2026-2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобаларына өтінім беру» семинары

Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен «2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобаларына өтінім беру» семинары өтті.
Шараның мақсаты – конкурсқа берілетін өтінімдердің сапасын арттыру.

Семинарға осы жылы өтетін конкурсқа қатысушы ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.

Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев жобаларды ұсыну барысында ескерілетін бірқатар маңызды мәселелерге тоқталып, өтінімдерді жетілдіруге қатысты нақты кеңестер берді.

Ал Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Карашолакова жолданған өтінімдерді қарастыру, бағалау және жүзеге асыру ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар, жобаларды түзету кезінде назар аудару қажет жайттарды атап өтті.

Семинарға қатысушылар талқылау барысында өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ