




















2025 жылғы 13 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жастар саясаты және әлеуметтік даму бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында факультетаралық «Jaidarman 2025» ойыны өтті.
Жайдарман ойынының мақсаты – студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, тапқырлығын дамыту, достық қарым-қатынастарды нығайту, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ қатысушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын арттыру болды.
«Jaidarman 2025» ойынының қорытындысы бойынша:
1-орынды – Педагогика және психология факультеті,
2-орынды – Гуманитарлық факультет,
3-орынды – Денешынықтыру және өнер факультеті иеленді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

