14 қараша күні университеттің конференц-залында гуманитарлық факультет студенттері мен оқытушыларының шығармашылық кездесуі өтті. Ол белгілі қазақ ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналды. Шығармашылық кездесу Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігімен ұйымдастырылып, И. Жансүгіров атындағы ЖУ жанындағы Ресей Федерациясы БҒМ қолдауымен «Менің тарихым» гуманитарлық ғылымдарды қолдау қорының және В.Г. Короленко атындағы ГИПУ ФГБОУ ВО-ның қатысуымен ашылған орыс тілін оқытуға арналған Ашық білім беру орталығы аясында өткізілді.
Іс-шараға қатысушыларға университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек Әбілтайұлы құттықтау сөз сөйледі. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасағандар: Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілі, Ресей Федерациясының вице-консулы Симакова Мария Сергеевна; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан ұлттық географиялық қоғамының мүшесі, Халықаралық Қазақ ПЕН-клубының мүшесі, Almaty Management University (AlmaU) және Turan TV телеарнасы ұйымдастырған Қашғар экспедициясына қатысушы Иминов Исмаилжан Абдыкадырович; Turan TV телеарнасының бас директоры Роман Бейдалиевич Ботабеков; Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музей филиалының меңгерушісі Марал Оралбекқызы Рахатова.
Университет фойесінде көшпелі көрме ұйымдастырылып, онда Ш. Уәлихановтың жеке заттары, фотосуреттері (көшірмелері), XIX ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ыдыстары, музыкалық аспаптары, аңшылық құралдары қойылды.
Шығармашылық кездесу студенттер мен оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

