Жетісу облысында жастар, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында өткен «Ой шамы» облыстық мақалалар байқауының қорытындысы белгілі болды.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультеті, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
ШТҚ-311 тобының студенті Жарқынай Иманпейс, мазмұнының тереңдігі мен аналитикалық талдауы үшін бағаланды ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ, ШТҚ-313 тобының студенті Дана Мырзабекова, ұсынылған жұмысының мазмұндылығы мен сапасы үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Ғылыми жетекшілері – Гүлдана Тұрабай.
Бұл жетістіктер студенттердің ғылыми ізденіс, шығармашылық қабілеті мен кәсіби құзыреттілігін көрсетеді.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

