










Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама аясында Жетісу университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» және «Кәсіподақтың еңбек қатынастарындағы ролі» тақырыбында жиын өтті.
Жиында университеттің комплаенс-офицері Болат Қабыкенов баяндама жасады. Ол заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі құжат қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, азаматтардың заңға деген құрметін күшейтуге және тәртіпті сақтауға негізделгенін айтты.
Сонымен қатар білім ордасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралары, Академиялық адалдық кодексінің сақталуы бойынша атқарған жұмысына есеп берді.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдимурат Исабаев кәсіподақ ұйымының еңбек қатынасындағы рөліне тоқталды. Ол өз сөзінде заң мен тәртіп бар жерде әділдік, адал еңбек пен қауіпсіздік болатынын жеткізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

