2025 жылы 24 қараша күні, сағат 14:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Бас ғимаратындағы 313-конференц-залда «Қазақ» атауының қайтарылғанына және «Қазақ хандығы» терминінің ғылыми айналымға енгеніне 100 жыл» атты ғылыми дөңгелек үстел өткізіледі.
Іс-шарада келесі құрметті спикерлер сөз сөйлейді:
Дүйсенәлі Әбділәшімұлы – Жапония, Токио шетел тілдері университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы;
Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі;
Ержан Олжабайұлы Буланов – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты.
Шараға онлайн қатысуға ниет білдірушілер үшін арнайы сілтеме қоса беріледі.
Баршаңызды аталған дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!
ZOOM-сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/9986561390?pwd=TtNFin5WGvibVr24MdWLLkIXXzMiha.1
Идентификатор конференции: 998 656 1390
Код доступа: 4444
#SDG #ЦУР #ТДМ

