«ZańTime» интеллектуалдық ойыны

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен 2025–2030 жылдарға арналған “Заң және тәртіп” идеологиясын ілгерілету аясында студенттерге арналған «ZańTime» интеллектуалдық ойыны өтті.

Іс-шараның мақсаты:
– жастар арасында заң үстемдігін дәріптеу;
– құқықтық ойлау қабілетін дамыту;
– заң нормаларын өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдыларын жетілдіру;
– қоғамда тәртіп пен әділдік қағидатын нығайту.

Ойын студенттердің қызығушылығын оятып, құқықтық білімді шығармашылық әрі интерактивті форматта меңгеруге мүмкіндік берді.

«ZańTime» – тек ойын емес, құқықтық жауапкершілікті сезіндіретін, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

#SDG #ЦУР #ТДМ