Введите текст заголовка
Ағымдағы жылдың 11-айының 19-жұлдызында Гуманитарлық факультеттің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 211-ші топтың қатысуымен «Қазақ тілінің лексикологиясы және оқыту негіздері» пәні аясында «Қазақ тілінің этимологиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді, оны филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Шыныбекова Айжан Сахановна шеберлікпен ұйымдастырып, студенттерді терең білімге жетелеуге арналған бірегей оқу сапарын бастады. Сабақ барысында студенттердің танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктері, цифрлық технологиялар, топтық және зерттеу жұмыстары тиімді қолданылып, орындалған тапсырмалар олардың білім сапасын арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге, тілдік дағдыларын озық деңгейде дамытуға қызмет етті; әр топ ғылыми және халықтық этимологияны терең зерттеп, сөздердің төркінін талдап, этимологиялық принциптерді сараптап, өз білімдерін көркем және дәлелді жеткізді. Сабақ материалы интерактивті әдістермен, заманауи визуалды құралдармен толықтырылғандықтан, оқу үдерісі тартымды, мазмұнды және есте қаларлықтай болды. Сонымен қатар, сабақ соңында жүргізілген кері байланыс қонақ болып келген ұстаздардан жасанды интеллекттің цифрлық үрдісі арқылы алынып, олардың жылы лебіздері, бай тәжірибелері мен құнды ұсыныстары кеңінен тыңдалды; тіл жанашырларының жалынына от жағып, рухтарын көтеріп, шабытпен қайтқан әсерлі сәттері сабаққа ерекше мән берді. Осылайша, ашық сабақ кәсіби-әдістемелік талаптарға толық сай өтіп, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге, тіл мәдениетін дамытуға және интеллектуалды құндылықтарын шыңдауға айрықша үлес қосты.

