2025 жылдың 17-22 қараша аралығында Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде АР23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» ғылыми жобасы аясында бірқатар академиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan University» ББМ, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, PhD Ш.О. Орынғалиева және Шәкәрім университеті КеАҚ педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD Б.К. Оспанова «Педагогтің психологиялық құзыреттілігі: мәні, құрылымы және дамытудың жолдары» тақырыбында кафедраның профессорлық оқытушылық құрамымен семинар өткізді. Семинар барысында педагогтің кәсіби қызметіндегі психологиялық құзыреттіліктің маңызы, оның негізгі компоненттері (эмоционалдық тұрақтылық, коммуникативтік дағдылар, өзін-өзі реттеу, рефлексия) жан-жақты талқыланды. Қатысушылар педагогтің тұлғалық дамуы мен эмоционалдық әл-ауқатын сақтаудың заманауи әдістерімен танысып, кәсіби қажудың алдын алу тәсілдерін тәжірибе жүзінде пысықтады.
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру және білім беру үдерісінде позитивті психология қағидаттарын қолдану бағытында практикалық жаттығулар ұйымдастырылды.
Семинар педагогтердің психологиялық құзыреттілігін дамытуға ықпал етіп, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға арналған жаңа идеялар мен кәсіби ұсыныстар берумен аяқталды.




