2025 жылғы 18-19 қарашада АР23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» атты ғылыми жоба аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Семинарды жобаның аға ғылыми қызметкерлері, PhD докторлары Орынгалиева Шолпан Оралғалиевна мен Оспанова Бибигүл Канатқызы жүргізді.
Талқыланған негізгі мәселелер:
- Инклюзивті білім берудің заманауи тұжырымдамалары мен бағыттары
- Білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескеретін педагогикалық тәсілдер
- Тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге арналған механизмдер
Практикалық бөлімінде:
- Инклюзивті тәжірибені енгізудегі нақты мысалдар қарастырылды
- Тиімді әдістер мен технологиялар ұсынылды
- Қатысушылар пікір алмасып, тәжірибе бөлісті
Бұл семинар ғылыми-әдістемелік мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал етіп, факультеттің инклюзивті білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық әлеуетін арттырды.

