2025 жылғы 25 қарашада Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD С.Сакибаев «Использование ANN в научной деятельности» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында жасанды нейрондық желілерді (Artificial Neural Networks, ANN) ғылыми-зерттеу қызметінде қолданудың негізгі бағыттары мен заманауи мүмкіндіктері қарастырылды. Қатысушылар деректерді талдау, модельдеу, болжау және күрделі процестерді оңтайландыруда ANN әдістерін қолданудың тиімді тәсілдерімен танысты.
Сонымен қатар, нейрондық желілерді құрудың негізгі қағидалары, оларды оқыту кезеңдері, практикалық есептерді шешудегі артықшылықтары мен шектеулері талқыланды. Семинар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын оқытушылар, докторанттар мен жас ғалымдар үшін өзекті әрі пайдалы тәжірибелік ақпарат берді.




