Бүгін ЖҚ-112 топ кураторы Ілескен Әлбатырұлы «Таза сессия» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған топ студенттері 205а аудиториясына жиналып, емтихан кезеңіндегі академиялық адалдық талаптары, студенттің жауапкершілігі және сессияны әділ тапсырудың маңызы туралы толық ақпарат алды.
Куратор студенттерді тәртіп пен адалдықты сақтауға, білімдерін өз еңбектерімен дәлелдеуге шақырды.



