«Қоғамда суицидтің алдын алудың психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық аспектілері» біліктілікті арттыру бағдарламасы

Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы педагогика және психология кафедрасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының психологтарына арналған «Қоғамда суицидтің алдын алудың психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық аспектілері» атты біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірлеп, 2025 жылдың 28 қазан – 22 қараша аралығында Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы базасында аталған біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша курс ұйымдастырылып, өткізілді. Бағдарламаның жалпы көлемі 72 академиялық сағатты құрады.

Бағдарламаның мақсаты – Қоғамдағы суицидтік мінез-құлықтың психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық аспектілерін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда меңгерту арқылы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.

Оқыту барысында жалпы білім беретін ұйымдардың психологтары тәуекел тобына жататын балаларды диагностикалау, түзету және жеке сүйемелдеу бойынша қазіргі заманауи тәсілдер мен әдістемелерді меңгерді. Практикалық жұмыстандыру, супервизиялық талдау, кәсіби жағдайларды модельдеу ерекше назарда болды.

Курсқа облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-психиатры, суицидолог Мұстафа Бейбіт Жапарович қонақ-дәріскер ретінде шақыртылып дәріс оқыды. Бұл тыңдаушыларға мәселені пәнаралық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік берді.

Курсты университетіміздің педагог-зерттеуші, жоғары санатты психологы Исламжанова Гульнура Балабековна, педагогика және психология кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Тоқсанбаева Назгүл Бақытқызы жүргізді.

Курс тыңдаушыларға ыңғайлы офлайн форматта өтті. Осы бағдарлама бойынша 15 тыңдаушы курсты тәмәмдап, сертификат алды

#SDG #ЦУР #ТДМ