
27 қараша күні апталық аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері арасында «Абайды оқы, таңырқа» атты веб-квест өтті.
Іс-шараның мақсаты – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақын мұрасын дәріптеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар олардың цифрлық құзыреттіліктерін арттыру болды.
Веб-квестті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Есимбекова Динара Болатқызы мен ҚТӘм-211 тобының магистранттары ұйымдастырып, жүргізді.
Сайысты бағалауға ф.ғ.д., профессор Имангазинов М.М., ф.ғ.к., оқытушы-дәріскер Кожағұлов С.Қ. сарапшы ретінде қатысты.
Студенттер төрт локацияда CLIL технологиясының талаптарына сай тапсырмалар орындап, жоғары командалық үйлесімділік көрсетті:
1. Абай өміріне қатысты тест сұрақтарына жауап беру
2. Абай өлеңдерінің жалғасын табу
3. Конверттегі тапсырма: Абайдың қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу; сахналық көрініс құруда жасанды интеллект қолдану; инфографика және бейнебаян дайындау
4. Бейнесұрақтар: абайтанушы және әдебиетші ғалым-ұстаздардың сұрақтарына жауап беру.
Сарапшылар веб-квесттің мазмұны мен деңгейін жоғары бағалап, іс-шара өз мақсатына толық жеткенін атап өтті. Апталықтың қорытынды кешінде қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

