СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2025 жылғы 03 қараша – 03 желтоқсан аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3-курс ШТқ311, ШТқ312, ШТқ313 топтарының білім алушыларына «Сөйлеу мәдениеті бойынша практикум (екінші шетел тілі)» курсы өткізілуде. Курсты Түркия мемлекеті Нийде Омер Халисдемир университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, қазіргі түрік тілдері және әдебиеті кафедрасының философия докторы (PhD) Ертаева Перизат Құрбанбекқызы жүргізуде.