Педагогика және психология факультетінің Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Альменбетова Карлыгаш Жапсарбаевна мен Чункенова Сымбат Сабитовна 6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленді.
Бұл – ғылыми жетістіктің, кәсіби табандылық пен еңбектің нәтижесі!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 19 қарашадағы №2059 және №2063 бұйрықтарымен берілген бұл атақ – үлкен мәртебе!
Құрметті әріптестерімізді PhD дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми биіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

