І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, физика-математика факультетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының аға оқытушысы А. Елепбергенованың ұйымдастыруымен 28 қарашада 411 АЖҚ тобында «Заң және тәртіп» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге баулу және қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Кураторлық сағат барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, академиялық адалдық қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдық ортадағы мінез-құлық нормалары талқыланды.
Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, жағдаяттық тапсырмалар бойынша ой бөлісті. Тақырып аясында студенттердің құқықтық білім деңгейі мен көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Аталған кураторлық сағат студенттердің жауапкершілік сезімін арттыруға, заң мен тәртіпті құрметтеу қағидаларын нығайтуға бағытталды.




