ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жапония астанасы Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары өтті. Байрақты бәсекеге І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Әбдрасіл Рамазан өнер көрсетіп, Грек-рим күресінен 97 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленді.

Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен табандылықтың, қажымас дайындықтың жарқын нәтижесі.

Рамазанға алғысымызды білдіре отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ