«Алғыс» форумы

Жастар саясаты және әлеуметтік даму бөлімі Lider.kz еріктілер орталығымен бірлесіп Халықаралық еріктілер күніне арналған «Алғыс» форумын ұйымдастырды.
Форумда Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев Жетісу университетінің волонтерлер штабының өңірдегі жастар саясатын іске асыруға және волонтерлікті дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Білім ордасында белсенді еріктілер штабы жұмыс істейді. Қазіргі таңда оның құрамында 13 ерікті топ, 1500-ден астам ерікті бар. Бұл – жастардың бірлік пен ұйымшылдығын көрсетеді.

Жетісу университетінің волонтерлары «Лидер KZ» ұйымымен алты жылдан бері тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында бірлескен көптеген ауқымды әрі тағылымды іс-шаралар өткізді. Бұл – ортақ мақсат пен сенімді серіктестіктің нәтижесі. Аталмыш іс — шараға 40-тан астам серіктес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Lider.kz еріктілер орталығының басшысы М.Шведин Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаевқа жастардың бастамаларын іске асырудағы тұрақты қолдауы және бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ